"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алған аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі – министрлік

1348

Жаңа талапқа сай, енді қызмет көрсету мерзімі 7 күннен 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.  

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" алған аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі – министрлік Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұдан бұрын осы жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысуы қажет болып, нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын.

Ендігі жерде аталған қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.

Егер де көпбалалы ана "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған болса, тиісті мәліметтер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі. Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жібереді. SMS-хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлде адамның қатысуынсыз, автоматты түрде қабылдайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы уақытта осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде енгізуді көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу