"Алтын әшекейлерін өзімен алып кеткен": Полицейлер көкшетаулық әйелге іздеу жариялады

325

Марал Құттыбайқызы Әбуова 8 күннен бері табылмай жатыр.  

"Алтын әшекейлерін өзімен алып кеткен": Полицейлер көкшетаулық әйелге іздеу жариялады Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Әйел 6 ақпанда үйден кеткен, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған. Өзімен бірге алтын әшекейлерін ала кеткен, деп жазады inbusiness.kz Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД баспасөз мәліметінше, ақпанның 12-інде Марал Құттыбайқызы Әбуованың жоғалғаны туралы полицияға күйеуі келіп айтқан.

"Өтініш түскен күннен бастап полиция жоғалған әйелмен қарым-қатынаста болғандарды анықтап, көруі мүмкін деген адамдар мен көршілерінен сұрастырды. Сонымен бірге ол тұрған үйдің аумағындағы, орталық саябақ пен теміржол маңындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Әзірге, әйелдің қайда екені белгісіз", - деді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары жоғалған әйелді көрген немесе орналасқан жерін білетін адамдар болса, дереу полицияға хабарласуын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу