Алтын бағасы бір унция үшін 2100 доллардың тарихи шегінен өтті

323

Сарапшылар бұл бағалы металдың құнының одан әрі өсуін болжайды. 

Алтын бағасы бір унция үшін 2100 доллардың тарихи шегінен өтті Фото: inbusiness.kz

CME биржасында қаңтардағы алтын фьючерстерінің құны бір сәтте 2,89% -ге өсіп, бір унция үшін 2140,7 долларды құрады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты quote.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Алтынның бір унциясының бағасы тарихта алғаш рет 2100 доллардан жоғары көтерілді. Астана уақытымен түстегі жағдай бойынша, келісімшарттар бір унция үшін 2096,1 доллар (алдыңғы сауда сессиясының жабылу деңгейінің +0,75%-ы) бағасымен саудаланды.

Американың CNBC телеарнасының хабарлауы бойынша, ФРЖ төрағасы Джером Пауэллдің сөзінен кейін баға белгілеулері көтерілді. Оның мәлімдемелері трейдерлердің АҚШ-тағы мөлшерлеме келесі жылдың басында төмендей бастайды деген сенімін нығайтты.

FedWatch құралының мәліметтері бойынша, трейдерлер наурыз айындағы отырыста 25 базистік пунктке алғашқы төмендеуді 53,4%-бен күтеді. Нарық 2024 жылдың соңына қарай ФРЖ мөлшерлемесінің 4-4,25%-ға дейін төмендеуін ең ықтимал сценарий деп санайды. Қазіргі уақытта, оның деңгейі 5,25–5,5%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу