Алтын бағасы шарықтап барады

1172

Осы аптада бағалы металдың құны 2016 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.  

Алтын бағасы шарықтап барады

Бұған әсер етіп отырған негізгі фактор – коронавирус эпидемиясы. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Ресми дерекке сүйенсек, қорғаныш активі саналатын алтын 5%-ға қымбаттапты.

Кей сарапшылардың пікірінше, әлемдегі макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан акциядан алтынға көшу тенденциясы байқалып жатыр.Алдағы уақытта осы құбылыс сақталуы мүмкін.

COVID-19 деп аталатын жаңа коронавирустың таралуы әлемдік орталық банктерді пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мәжбүрлеп отыр. Өйткені індет кесірінен жаһандық акция нарығы құлдырап кеткен еді.

Еске сала кетсек, жуырда АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі пайыздық мөлшерлемені 50 базистік пунктке азайтып, 1-1,25% деңгейінде қалдырған болатын. Осылайша қаржы реттеушісі экономиканы ынталандырды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу