"Ақпанда алтын-валюта резервтері 34,6 млрд АҚШ долларына дейін 2,2 млрд АҚШ долларына төмендеді. Төмендеу көбінесе Қаржы министрлігінің қаражатын Ұлттық қорға аударуға байланысты болды. Яғни, өткен айда қаражат әкелініп, Ұлттық Банктің валюталық шотына уақытша "салынды", ал ақпанның басында бұл қаражат Ұлттық қорға жіберілді", – деді спикер.
Сондай-ақ, ақпанда алтын бағасы арзандады. Мұның себебін Әлия Молдабекова АҚШ-тың ФРЖ саясатымен байланыстырды.
"Тағы бір маңызды фактор – алтын бағасының төмендеуі болды. Ақпанда бағалы металдың баға белгілеуі бір унция үшін 1905 доллардан 1810 долларға дейін төмендеді. Алтын бағасы АҚШ-тың ФРЖ саясатына және АҚШ-тағы экономикалық жағдайдың негізгі статистикасына тәуелді болып тұр.
Сонымен қатар біз Ұлттық Банктегі валюталық шоттарда ЕДБ қалдықтарын алып кеткенін байқадық", – деді ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары.