"ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталары айналымға шығады

1422

Оларды Қазақстан Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

"ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталары айналымға шығады

Ұлттық банк 2020 жылғы 17 тамызда 10, 20, 50, 100 және 200 және 500 теңге номиналдарындағы алтыннан және 1, 2, 5 және 10 теңге номиналдарындағы күмістен "2020 жылы соғылған "ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлады бас банктің баспасөз қызметі.

"ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарының дизайнында монеталардағы жазулар мемлекеттік тілде өзгертіліп, мүсіндік бейнелер жақсартылды.

Инвестициялық монеталар 999,9 жоғары сынамалы сапасы жоғары алтын және күмістен құйылған.

Айта кетсек, бүгінгі таңда инвестициялық монеталардың бірнеше ірі брендтері бар – "Крюгерранд" (Оңтүстік Африка), "Америкалық бүркіт" (АҚШ), "Вена филармониясы" (Австрия), "Панда" (Қытай), "Үйеңкі жапырағы" (Канада).

Қазақстанның алғашқы инвестициялық "ЖІБЕК ЖОЛЫ" монеталары 1996 жылы айналымға шыққан еді. 2009 жылдан бастап дизайнының өзгеруіне байланысты түрлі салмақ сипаттамалары бар "АЛТЫН БАРЫС" және "КҮМІС БАРЫС" инвестициялық монеталары шығарыла бастады.

Алтын мен күмістен жасалған барлық номиналдардағы инвестициялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында белгіленген құны бойынша төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдануға міндетті, еліміздің барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

"ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Оларды Қазақстан Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы Интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу