"Алтын белгіге" үміткерлер "Алгебра және анализ бастамалары" пәнінен қорытынды емтихан тапсырады

1554

Сынақ Назарбаев зияткерлік мектептерінің базасында өтеді.

"Алтын белгіге" үміткерлер "Алгебра және анализ бастамалары" пәнінен қорытынды емтихан тапсырады

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"Алтын белгіге" үміткерлер "Алгебра және анализ бастамалары" пәнінен қорытынды емтихан тапсырады. Қалған пәндер бойынша емтихандар әдеттегідей өз мектептерінде өтеді. Шалғай елді мекендердің оқушылары НЗМ базасында емтихан тапсыру үшін көлікпен жеткізіліп, жауапты қызметкерлер оларды жолда алып жүреді", – деді спикер. 

Еске салайық, былтыр пандемияға қарамастан "Алтын белгі" иеленген түлектер саны рекордтық көрсеткішке жетті. 

"Былтыр басқа аймақтармен салыстырғанда білім сапасы төмен Түркістан облысы көш бастады. Сондай-ақ бұрын алдын ала өтініш бергендердің саны 10 мыңнан асса, қазір олардың саны 7 мыңға дейін азайған", – деді вице-министр. 

Айта кетейік, былтыр мұғалімдердің тамыз кеңесінде "Алтын белгі" үміткерлеріне қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен күшейту туралы шешім қабылданған болатын.

Егер түлек немесе оның ата-анасы бір пәнді Назарбаев Зияткерлік мектебінде тапсырғысы келмесе "Алтын белгіден" бас тарту мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда ата-ана өтініш жазып, оқушы 5 емтиханды да өз мектебінде тапсырады, егер барлық емтиханды 5-ке тапсырса, үздік аттестатқа ие болады.

Еске салайық, "Алтын белгінің" болуы жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім грантын алуға құқық бермейді. Айрықша белгі иегерлері конкурсқа барлық үміткермен жалпы шарттар бойынша қатысады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу