Алтын-Емел және Барсакелмес ЮНЕСКО тізіміне енді

639

Тұран жазығы Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдеріне тиесілі. Жалпы ауданы 2 млн шаршы шақырымды құрайды.

Алтын-Емел және Барсакелмес ЮНЕСКО тізіміне енді Фото: Qazaqstan 3D

Алтын-Емел және Барсакелмес ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеті Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы бірлесіп енгізген "Тұранның суық қысқы шөлдері" (Cold Winter Desertsof Turan) көпұлттық номинациясының құрамдас бөліктері ретінде "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және "Барсакелмес" табиғи қорығы аумақтары Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді.

Біздің басылымға сұхбат берген Элина Мальцева есімді маманның айтуынша, таяуда Сауд Арабиясының астанасында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің кеңейтілген 45-ші сессиясы өткен. 

"Екі сағаттық талқылаудан кейін жағымды шешім шығарылды. Алтын-Емел және Барсакелмес ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енді. Бұл үлкен оқиға, өйткен осы аймақтар халықаралық статусқа ие болады. Еске салайын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар арасында бұл әлемдік масштабта берілетін жоғарғы мәртебе. 

Осылайша, Қазақстан бүкіл адамзат үшін олардың айрықша құндылығына байланысты осы аумақтарды сақтау бойынша міндеттемелерді өзіне алады", деді ЮНЕСКО-ның Қазақстан ұлттық Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі Элина Мальцева.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы - Еуразияда қоңыржай белдеудің Солтүстік және орта шөлдерінің экожүйелері сақталған жалғыз қорық. Арал теңізінің кебуіне байланысты оның ауданы бірнеше рет өзгерді, бүгінде ол 163 126 гектарды алып жатыр. 

Бірнеше жыл бұрын Алтын-Емел (2017) мен Барсакелмес (2016) ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваты статусын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу