ҚР Ұлттық банкі алтын құймалардың дизайны өзгергенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа дизайнға көне петроглифтер тұжырымдамасы арқау болды. Енді олар тек инвестициялық қана емес, сонымен қатар коллекциялық құндылыққа да ие бола алады.
Олардың бес түрі ұсынылады: 5, 10, 20, 50 мен 100 гр.
Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі мен жекелеген айырбастау пункттерінен 2025 жылғы II тоқсанның аяғынан бастап сатып алуға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу