Сочиде өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Есет Қуановты алтын медальмен марапаттау кезінде ұйымдастырушылар ескі әнұранды қосып қойды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Ескі әнұран ойналғанда, Қуанов басын шайқап, қателік кеткенін білдірді. Сол кезде трибунада отырған отандастарымыз орнынан тұрып, әнұранды фонограммасыз айтып берді. Комментатор мен көрермендер қазақстандықтарға разы болып, жіберілген ағаттық үшін кешірім сұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу