"Алтын Мерген" халықаралық турнирінде аралас командалық бәсеке аяқталды

684

Пневматикалық тапаншамен атудан Рашид Юнусметов пен Ирина Локтионоваға тең келер ешкім болған жоқ. 

"Алтын Мерген" халықаралық турнирінде аралас командалық бәсеке аяқталды

Шымкентте нысана көздеуден өтіп жатқан "Алтын Мерген" халықаралық турнирінде аралас командалық бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Пневматикалық тапаншамен атудан Рашид Юнусметов пен Ирина Локтионоваға тең келер ешкім болған жоқ. Финалда олар 471,5 ұпай жинады. Екінші орынға 465,1 ұпаймен Максим Мазепа және Юлия Комендра жұбы жайғасты. Үшінші орында – Владимир Исаченко мен Ольга Аксенова. 

Пневматикалық винтовкамен атуда Елизавета Король мен Юрий Юрков 492,3 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орында – Богдан Сейітжанов пен Елизавета Пушкарева. Үшінші сатыда – Анастасия Москвичева мен Кирилл Кузьмич. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу