Премьер-министр Асқар Мамин ҚР Президентінің "Алтын сапа" сыйлығы байқауының лауреаттарын, ALTYN OIMAQ дизайнерлер байқауының және "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады.
Асқар Мамин Алматы ауыр машина жасау зауытына, Орал трансформатор зауытына және "AZAM-KC" ЖШС-ға "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" аталымының жеңімпазы атанғаны үшін "Алтын сапа" сыйлығының мүсіншелерін табыстады.
Премьер-министр "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының
"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" аталымында топ жарған
С.Киров атындағы "Машина жасау зауыты" АҚ-ға, "Үздік ұжымдық шарт" аталымында "АқсайГазСервис" АҚ-ға және "Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін" аталымында үздік деп танылға "Байкен-U" ЖШС-ға құрмет көрсетті.
Ал Altyn Oimaq байқауының гран-при жүлдесін Алина Данилова жеңіп алды.
Қанат Махамбет