ALTYN OIMAQ киім дизайнерлері ұлттық байқауының лауреаттары анықталды

1064

"Атамекен" тасадағы таланттарды танытты.

ALTYN OIMAQ киім дизайнерлері ұлттық байқауының лауреаттары анықталды

Ұлттық байқауда "Атамекен" ұлтық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен және altynoimaq.kz сайты арқылы жүзеге асырылған қоғамдық дауыс берудің нәтижесінде жоғары ұпай жинаған үміткерлер жеңімпаз деп танылды.

"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны" аталымында алматылық Эльмира Битуреева, "Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны" аталымында ақтөбелік Айнагүл Мазинова, "Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны" аталымында елордалық  Евгения Жандарбаева топ жарды.  

"Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны" аталымында Жаңаөзен қаласының дизайнері Сәкен Қаржаубаев, "Спорт аяқ киімінің үздік костюм-дизайны" аталымында Нұр-Сұлтан қаласының шебері Айбибі Абуова өзгелерден озып шықты.

Біле жүріңіз, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы  6 наурыздағы №49 бұйрығымен бекітілген ALTYN OIMAQ киім дизайнерлерінің ұлттық байқауы киім-кешек пен әшекейлердің ұлттық брендін қалыптастыру мен насихаттау арқылы отандық жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлес қосуды көздейді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу