Алтын өндіретін шахтаға заңсыз түскен 70 адамның тек сегізі ғана аман қалды

902

Зимбабведе құтқарушылар су басқан шахтадан 22 адамның денесін шығарды.

Алтын өндіретін шахтаға заңсыз түскен 70 адамның тек сегізі ғана аман қалды

Апаттан 8 адам аман қалды. Қаза тапқан ондаған кеншінің денесі әлі де шығарылған жоқ, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 70 адам алтын өндіретін шахтаға заңсыз түскен болатын. Бірнеше күн бойғы толассыз жауыннан кейін шахта суға толып кеткен.

Ел президенті Эммерсон Мнангагва іздестіру жұмыстары мен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету үшін үкіметке 200 мың доллар қаражат бөлуді тапсырды.

Мерт болғандардың денесі әлі де іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу