Алтын өндіретін тағы бір кәсіпорын ашылады

934

Алтын өндіретін кәсіпорын Балқаш көлінің жағалауында орналаспақ. Жаңа жобаға 1,6 млрд теңге инвестиция тартылды.

Алтын өндіретін тағы бір кәсіпорын ашылады

Алматы облысының Сарқан ауданында алтын өндіретін фабрика мамыр айында жұмысын бастайды. Бұл туралы аудан әкімі Марат Разбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алтын өндіретін кәсіпорын Балқаш көлінің жағалауында орналаспақ. Жаңа жобаға 1,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Сарқан ауданының әкімі Марат Разбековтың айтуынша, зауытқа бүгінгі күні барлық техникалар алынып, дайындақ жұмыстары пысықталуда.

"Аудан экономикасы былтырғы жылы қарқынды даму көрсеткіштеріне қол жеткізіп, бірқатар зауыт іске қосылды. Өнеркәсіпті алға жылжыту шеңберінде 2019 жылға да жобалар өте көп. Соның бірі – алтын шығару зауыты. Ол өз жұмысын бастаса, 60-қа жуық  адам вахталық жұмыспен қамтылмақ. Қазіргі таңда алтынның сынамалары алынды, олар зертханаларда тексеріліп, оң нәтижелер көрсетуде" ,–дейді ол.

Жалпы алғанда, Сарқан ауданының бюджет кірісі 1 млрд 334 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 107 пайызға өскен.

Сондай-ақ аудан басшысы 2019 жылы атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемін  35 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Биыл 2850 гектарға қант қызылшасы себіледі. Өнеркәсіп өндірісінің көлемін 4 млрд 90 млн теңгеге жеткізілмек.

Көктем айларында елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына сәйкес Тополевка ауылында "сиверс" алмасының гүлденуіне арналған фестиваль ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу