Алматы қаласындағы "Алтын Орда" базары маңындағы жол учаскесін реконструкциялау жұмыстары қазан айында аяқталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев онлайн брифингте мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Алматы маңындағы "Алтын Орда" базары алдындағы автожол учаскесінің құрылысы алып мегаполистің барлық тұрғындарын толғандырады. Республика Премьер-министрінің тапсырмасына сәйкес, қазан айында осы көлік жол айырығындағы жұмыстар толығымен аяқталады",– деді спикер.
Бүгінгі таңда аталған жол бөлігіндегі негізгі құрылыс жұмыстары, жаңарту жұмыстары аяқталған. Транзиттік көліктің өтуі үшін эстакаданың құрылысы жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар учаскеде жолақтар саны да көбейген.