Сонымен қатар, көкөністің жетіспеушілігіне өзбекстандық кәсіпкерлердің үлкен көлемде сатып алуы әскер еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алматы әкімдігі бағаны тұрақтандыру мақсатында сатып алудың форвардтық әдісін жүзеге асыруда. Олар 9-14 қаңтар аралығында "Алтын Орда" базарындағы саудагерлер картоптың көтерме бағасын 28%-ға немесе 70 теңгеге (бір келісі 250 теңгеден 320 теңгеге дейін) қымбаттатып жібергенін айтады.
– Павлодар және Қарағанды облыстарындағы шаруалар картоп ауруы мен ысыраптың артуын алға тартып оның бағасын өсірді. Сонымен қатар Өзбекстаннан келген кәсіпкерлердің картоптың үлкен партиясын сатып алу фактісі бар. Осыған байланысты Павлодар және Қарағанды облыстарының кәсіпкерлері тарапынан бағаны шарықтату үшін өзара сөз байласу белгілері де байқалған, – деп хабарлады әкімдік.
Алматы қаласының әкімдігі Kazinform агенттігіне форвардтық сатып алу аясында Magnum дүкендер желісінде сатылатын 9,3 мың тонна картопты белгіленген бағамен жеткізуге келісімшарт жасағанын, қазір оның 1 140 тоннасы сатылғанын айтқан.
Қазір аталған дүкен сөрелерінде бір келі картоптың орташа бағасы – 157 теңге. Ол – "Алтын Орда" базарындағы көтерме бағадан екі есе төмен (320 теңге) баға.