"Алтын орда" базары маңындағы жаңа магистралдық эстакада ашылды

951

Бүгін, 25 желтоқсанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен "Алматы-Райымбек" учаскесінде жаңа бас магистральдық эстакаданың ашылуы өтті.

"Алтын орда" базары маңындағы жаңа магистралдық эстакада ашылды

Автожол учаскесінде басты магистральдық эстакада, "таға" үлгісіндегі бұрылыс эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін көпір және жаяу жүргіншілер көпірі салынды.

Сонымен қатар транзиттік, қоғамдық және жергілікті көліктер үшін 4 шақырымдық инженерлік коммуникациялар қайта орнатылып, 10 жолақты жол салынды.

Жобаға 200-ден астам жұмысшы мен 50 техника, оның ішінде монолитті аралық құрылыс жұмыстарын қамтуға арналған күрделі жабдықтар тартылды.

"Алтын орда", "Барлық" базарлары мен "Молл Апорт" сауда-ойын-сауық орталығының орналасқан жерін ескерсек, эстакадада  қозғалыстың ашылуы жол учаскесінің өткізу қабілетін арттырып, халыққа қолайлы жағдай жасайды. Және азаматтардың бизнес жүргізуі үшін инфрақұрылым проблемаларын шешуде оң әсер етеді", – деп мәлімдейді министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу