Көз жұмған жас жігіт бірнеше күн бойы Алматыдағы ауруханалардың бірінде комада болды.
Еске салсақ, маусым айының ортасында әлеуметтік желіде 2 жігіт жанжалының видеосы тарады. Кадрда жас жігіттің белгісіз жанның жағасынан алып, ұрланған телефонды қайтаруды сұраған сәті көрініс тапқан. Сол күні күдікті қарсыласын 2 рет ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 20 маусым күні науқас Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына түсіп, 8 шілде күні таңертең қайтыс болды.