"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшыларына қайта халықаралық іздеу жарияланды

260

Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында шықты. 

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшыларына қайта халықаралық іздеу жарияланды Фото: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан

Араға 2 жыл салып, Алматы маңындағы "Алтын орда" базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу қайта жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алмабек Қанат пен Данияр Әпдіғапаровты Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу қайта жарияланды

Еске салайық, бұған дейін 2023 жылы Данияр Әпдіғапаровқа 1982 жылы туған, Жұмадин Патовқа, 1982 жылы туған, Қанат Жақаевқа, 1984 жылы туған, сонымен қатар Айдос Нұрқалиевқа, 1986 жылы туған Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу