"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды

1008

Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығына іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды Фото: inform.kz

Келесі адамдар іздеуге жарияланды:

  • Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
  • Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды.
  • Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
  • Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190 бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Нәтижелері кейінірек хабарланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу