Алтын Орда дәуірінің сирек артефакті Ұлттық музейге табысталды

230

Археологиялық құндылығы жоғары экспонат музейге табысталды.  

Алтын Орда дәуірінің сирек артефакті Ұлттық музейге табысталды Фото: gov.kz

21 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті ҚР Ұлттық музейіне Алтын Орда дәуіріне жататын салтанатты әйел халатын ресми түрде тапсырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірегей артефакт Болған ана кесенесін қазу жұмыстары барысында табылған. Зерттеулерді қазақстандық археолог Айбар Қасенали жүргізген. Жәдігер 2019 жылы университет қорына қабылданған.

Кейін бірнеше жыл бойы археологиялық зерттеулер институтының "UMAI" зертханасы мамандары бұйымды консервациялау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оның технологиялық ерекшеліктері анықталып, ғылыми реконструкциясы жасалды.

Зерттеу жұмыстары археолог-реставратор Тетяна Крупа жетекшілігімен орындалды. Қазіргі таңда реконструкция нұсқасы Ұлытау музейінің экспозициясында қойылған.

Артефакт Астанада өткен "Алтын Орда – дала өркениетінің моделі" халықаралық симпозиумы аясында да таныстырылған.

Мамандардың айтуынша, табылған халат Жошы Ұлысы элитасына тиесілі мәдени қабатқа қатысты аса құнды тарихи дерек болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу