"Алтын Орданың мұрасы": Астанада креативті жәрмеңке өтіп жатыр

476

Елордаға өңірдің шығармашылық әлеуетін таныстыру үшін 60 креатор арнайы келді.

"Алтын Орданың мұрасы": Астанада креативті жәрмеңке өтіп жатыр Фото: gov.kz

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Ұлытау облысының "Алтын Орданың мұрасы" атты креативті жәрмеңкесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлытау – қазақ мемлекеттілігінің алтын қазығы, ұлт тарихының тамыры тереңде жатқан қасиетті өлке. Осы киелі мекеннің бай тарихи-мәдени мұрасы бүгін креативті индустриялар арқылы жаңа мазмұнда ұсынылуда. 

Екі күн бойы келушілер авторлық зергерлік бұйымдармен, ұлттық қолөнер туындыларымен, кескіндеме жұмыстарымен, құрақ өнерімен және Ethno Fashion топтамаларымен танысып қана қоймай, бірегей шығармашылық өнімдерді тікелей шеберлерден сатып ала алады. Сонымен қатар былғары өңдеу, ағаш ою, ұсталық, зергерлік және ұлттық музыкалық аспап жасау өнері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу