"ALTYN SAMǴAÝ-2019" жүлдесіне билеттер сатыла бастады

989

Бүгін www.ticketon.kz сайтында билеттер сатылымға түсті.  

 "ALTYN SAMǴAÝ-2019" жүлдесіне билеттер сатыла бастады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті дәстүр бойынша жылды ұлттық спорттық жүлдемен қорытындылайды, деп хабарлайды olympic.kz.

Қазақстан ҰОК жанкүйерлерге жылдың ең маңызды жүлдесіне қатысты бірнеше тосынсый дайындады.

Биыл бірінші рет #teamKZ-тің адал жанкүйерлері Спорттық жүлдеге қатысуға, құрама мүшесі атануға, сүйікті спортшыларымен қауышуға мүмкіндік алады. Жанкүйерлер 2019 жылғы Қазақстан спортының басты жетістіктерінің авторы атанған үздік спортшыларды, жаттықтырушылар мен құрама командалардың салтанатты марапаттау шарасына куә болады.

Марапаттау рәсімі "Ninety One", НаZима,  "Молданазар" тобы, Қуандык Рахым және басқа да отандық эстарада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

 "Биыл Қазақстан ҰОК өз жанкүйерлері үшін көптеген тосынсыйлар дайындап жатыр. Біз жүлденің дәстүрлі "атрибуттарын" - спортшылардың "қызыл кілемін", дауыс беру мен марапаттау рәсімін қалдырдық. Енді жанкүйерлер оны теледидардан көріп қана қоймай, сонымен қатар елдің басты спорттық марапатына қатыса алады. Еліміздің танымал жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама да ерекше болады. Тосынсыйға толы шараны көзбен көрген жақсы. Біз елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын, біздің #teamKZ-тің барлық жанкүйерлерін күтеміз", – деп атап өтті еліміздің ҰОК баспасөз қызметі.

Үздік спортшыларды анықтау форматы өзгеріссіз, әдеттегідей, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің www.olympic.kz ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталады.  

15 қарашадан бастап ҰОК ресми сайтында барлық үміткерлердің 2019 жылғы жетістіктері көрсетілген толық ақпарат ұсынылады.

Еске сала кетейік, "Altyn Samǵaý-2019"  спорттық жүлдеде паралимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері де қатысады.

Салтанатты шара 30 қараша күні сағат 18:00-де "Қазақстан" орталық концерт залында өтеді. 2019 жылғы Ұлттық Спорттық жүлденің бас ақпараттық серіктесі "Хабар" арнасы.

#teamKZ жанкүйері бол! "Altyn Samǵaý-2019" жүлдесіне кел!
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу