banner

"Altyn Samǵaý-2021" спорттық жүлдесіне дауыс беру мерзімі ұзартылды

589

Ұйымдастырушылар шешімімен "Үздік аймақ" аталымындағы жеңімпазды ұлттық федерациялар анықтайды. Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы үздік спорттық аймақтар осы аталым бойынша белгілі болмақ. 

"Altyn Samǵaý-2021" спорттық жүлдесіне дауыс беру мерзімі ұзартылды

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті "Altyn Samǵaý-2021" спорттық жүлдесі аясында дауыс беру мерзімінің ұзартылғанын хабарлайды. Дауыстарды қабылдау 6 желтоқсан күні сағат 13:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Айта кетелік, бұған дейін байқауда дауыс беру екі аптаға созылған болатын. Биыл үміткерлердің өтініші есепке алынып, жанкүйерлерге сүйікті спортшысын анықтау үшін тағы да уақыт берілді.

Дауыс беру Olympic.kz сайтының Ұлттық спорттық жүлде бөлімінде жүргізілуде. Дауыс берушілер алты аталым бойынша да өз үздігін анықтай алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу