Алтын шахтасында тағы бір адам көз жұмды

759

СҚО тұрғыны шахтаға заңсыз кіру барысында жарақат алған.

Алтын шахтасында тағы бір адам көз жұмды

Ақмола облысында Бестөбе кентіндегі алтын өндіру шахтасы аумағында тағы бір адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz ІІМ сілтеме жасап.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамызда Степногор қалалық полиция басқармасына Бестөбе кентіндегі "Западная" шахтасының аумағында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны көз жұмғаны туралы хабарланды.

"Алдын ала анықталғандай, ер адам шахтаға заңсыз кіру кезінде жарақат алып, мерт болған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі ("Күзетілетін объектіге заңсыз кіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Ақмола облысындағы Бестөбе шахтасында жұмыстар бір жылдан бері тоқтап тұр.

Алайда кенішке заңсыз еніп, алтын өндірісімен айналысушылар тыйылмай отыр. Осымен үшінші рет қайғылы жағдай орын алуда.

Осыған орай, "Алтыналмас АК" АҚ-ның басшылығы шахтаға өз бетімен түсетін адамдардың өміріне алаңдап, нысаннан дереу шығуды сұраған болатын. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 334-бабы бойынша жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын, заң бұзған адамдар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу