Алтын-валюта активтері бір айда 200 млн долларға қысқарды

553

Қазанның соңында көрсеткіштер 33,6 млрд долларды құрады.

Алтын-валюта активтері бір айда 200 млн долларға қысқарды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазан айындағы елдегі алтын-валюта активтерінің жай-күйі туралы тезистерімен бөлісті. Оның сөзінше қазанда алтынның бағасы төмендеген.

"Бір айда бір унция үшін 1883,4 доллардан 1875,8 долларға немесе 0,4%-ға төмендеді. Бағалы металдар нарығындағы негізгі анықтаушы фактор АҚШ-тағы сайлауға қатысты белгісіздік болды. Алтын бағасының төмендеуі іс жүзінде ҚРҰБ-тың алтын портфеліне әсер етпегенін айта кеткен жөн, өйткені ол басым құқықты іске асыру шеңберінде отандық алтынды сатып алумен реттелген болатын", – деді ол. 

Әлия Молдабекованың сөзінше, қазанның соңында Ұлттық банктің алтын портфелі 23,2 млрд долларды құраған. Алайда алтынвалюта активтері бір айда 200 млн долларға қысқарған. 

"Дегенмен, алдын ала деректер бойынша алтын-валюта активтері бір айда 200 млн долларға қысқарып, қазанның соңында 33,6 млрд долларды құрады, АВА-ның төмендеуі негізінен шамамен 90 млн доллар көлемінде мемлекеттік борышты төлеуге және 91,3 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізуге байланысты болды", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу