Алтын зауытының құрылысын аяқтау 2021 жылға қалдырылды

1085

Құрылыс құны – 1 млрд 692,2 млн теңге.

Алтын зауытының құрылысын аяқтау 2021 жылға қалдырылды

"Алатау-Қордай" ЖШС Жамбыл облысындағы алтын кенін байыту мен өңдейтін шағын зауытты пайдалану мерзімін 2021 жылға қалдырды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, құрылыс құны – 1 млрд 692,2 млн теңге. Зауытта 75% алтын-күміс концентратын алу жоспарланып отыр. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 1,5 мың келі өнім.

Зауыт тіпті өткен жылдың соңында пайдалануға беріледі деп күтілген еді. Алайда облыстың кәсіпкерлік және индустриялдық- инновациялық даму басқармасы аталған жоба 2021 жылы аяқталады деп отыр. Ведомство зауыт құрылысын кейінге қалдыру туралы ақпарат жабық екенін айтты. 

"Алатау-Қордай" ЖШС – Жамбыл облысының компаниясы. Негізгі жұмысы – жер қойнауын пайдалану, асыл металдарды өндіру.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу