"4 қызымды алып, қаштым ғой": Алтынай Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты

7587

Әнші заң жүзінде бұл мәселені қатаңдату керегін айтып, билікті сынады.  

"4 қызымды алып, қаштым ғой": Алтынай Жорабаева тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты Фото: dalanews.kz

Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуімен бірге тұрған кезінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ашық айтып жүр.

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазба жариялап, өзі де зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты el.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Ер адам Алланың тиымдарының шеңберінен шыққан күні әйелінен мінез шығады". Осы постты 2015 жылы 1 қазанда салған екенмін. Шегіне жетіп, жарылайын деп жүрген кезім ғой. Содан 2016 жыл 11 қаңтарда Астанаға қаштым ғой 4 қызымды алып. Бізде билікте отырып заң қабылдайтындар еркектер болған соң бүкіл заң еркекке ыңғайлы жасалған! Ащы болса да шындық. Айналадағы болып жатқан жайттардың шешімдерін қарап-ақ түсіне бересің. Сол себепті құрметті ата-аналар, қызды "ер азаматыңды сыйла" деп тәрбиелегендей, ұлдарыңызды да "қыз баланы сыйла, қорға, ол - Алланың аманаты" деп тәрбиелеңіздерші, иә! Әсіресе, біздің оңтүстік жақ. Сонда ғана отбасында, қоғамда тыныш өмір болады, - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу