"Алтыналмас" компаниясы жарылғыш заттарды өндіру мен сатуға рұқсат алды

401

Бұл қызметке мерзімсіз лицензияны Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті берді.  

"Алтыналмас" компаниясы жарылғыш заттарды өндіру мен сатуға рұқсат алды Фото: altynalmas.kz

Алтын өндірумен айналысатын "Алтыналмас" компаниясы жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды пайдаланатын бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, сату және сақтауға лицензия алды, деп жазады inbusiness.kz Курсив.кз сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, "Алтыналмас" 9 ақпанда қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс жүргізу және қызмет көрсетуге рұқсат алды. Бірінші санаттағы мерзімсіз рұқсатты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті берген.

KASE дерегіне сәйкес, "Алтыналмастың" негізгі акционерлері: Gouden Reserves B.V. – 60%, Владимир Жұманбаев – 20%, Дияр Қанашев – 10,5%, Игорь Ветиул – 6,5%. Алтыналмастың нарықтық капитализациясы $623,66 млн құрайды. Компанияның түпкілікті иесі және бақылаушы тарабы – Family Trust атынан әрекет ететін Trustee Pte Ltd.

"Алтыналмас" компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Компания мәліметінше аталған лицензия компанияға 2011 жылы берілген. Компанияның заңды мекен-жайы ауысқаннан кейін, 2011 жылы мерзімсіз уақытқа берілген лицензия қайта жаңартылған.

2023 жылдың 9 айындағы аудиттелген қаржы есебіне сәйкес, компаниялар тобы геологиялық барлаумен айналысады. Алтын кенін өндіру және өңдеу, бағалы металдарды сату, өнеркәсіптік нысандарды жобалау және салу да – негізгі қызметі.

Алтын өндіруші 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде таза пайданы 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе қысқартты. Көрсеткіш 132,6 млрд теңгеден 53,6 млрд теңгеге дейін төмендеген.

Топ активтері Жамбыл, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстарында орналасқан. Өндірілген кен "Ақбақай", "Долинное", "Ақсу" алтын өндіру зауыттарында, "Пустинное" байыту фабрикасында және "Алтыналмас Technology" бағалы метал өңдеу зауытында қайта өңделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу