Атқарылмалы жүк саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - қытайлық COSCO компаниясы "Алтынкөл" (ҚР) - "Қорғас" (ҚХР) темір жол өткелінде ірі логистикалық орталық ашпақшы, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
"Біз теміржол саласы бойынша келісімдерге қол жеткіздік. COSCO Shipping компаниясымен алдағы бірнеше жыл көлемінде Алтынкөл-Қорғас станциясында ірі логистикалық орталық ашуды көздеп отырмыз. Бүгін біз осы мәселе бойынша бірнеше кездесулер өткіздік", – деді Қытайға сапарының қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
Ол сонымен қатар, 2017 жылдың маусым айынан бастап, Қытайдың "Air China" компаниясы Бейжің мен Астана арасында әуе рейстерінің ұшырылымын жүзеге асырады.
Айта кетейік, "China Ocean Shipping Company" (COSCO Group) - әлемдегі атқарылмалы жүктер саласы бойынша көшбасшы компания саналады. Компанияның иелігінде 1114 сауда кемесі бар және олар жалпы көлемі 85,32 млн. тонна жүк тасымалдауға қауқарлы. Осы көрсеткіштен олар әлем бойынша 1-ші орында тұр. Контейнерлік тасымал бойынша, COSCO әлемде 4-ші орында.