Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті 2 есеге жуық артады

144

Жобаларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған. 

Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті 2 есеге жуық артады Фото: rail-news.kz

Алтынкөл станциясы мен Қорғас шекаралық өткелі бірыңғай теміржол-шегаралық кешенді құрайды және халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны. Аталған торап елдің транзиттік әлеуетін арттыруда ерекше рөл атқарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алтынкөл – Қорғас торабы арқылы экспорт-импорт және транзиттік жүк тасымалының едәуір көлемі жүзеге асырылады. Инфрақұрылым жүктерді жедел өңдеуді, контейнерлерді қайта тиеуді және екі мемлекеттің теміржол қызметтерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда. Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, сондай-ақ 5 жаңа және 8 қолданыстағы айырықты дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл желінің өткізу қабілетін тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Амангелдинұлы Келбұғанов жұмыс сапары аясында станциядағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Оларды іске асыру Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтіп, ұлттық көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу