Алтынкөл станциясында жүк тасымалы артып келеді

1924

Теміржол станциясы Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан.  

Алтынкөл станциясында жүк тасымалы артып келеді

Алматы облысындағы Алтынкөл станциясында жүк тасымалы артып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Станциядағы жүктер Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы елдеріне, Орталық Азияға, Кавказға жеткізіледі.

Коронавирус пандемиясынан "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жабылуына байланысты теміржол арқылы жүк жеткізуге сұраныс 2 есе артқан. Бұл Алтынкөл станциясындағы жүк тасымалының артуына ықпал еткен.

"Теміржол станциясы пойыздарды қабылдау және жөнелту, жолаушылар пойыздарын қабылдау-жөнелту, жүктерді Қытайға жіберу, вагондарға техникалық қызмет көрсету, коммерциялық тексеру, локомотивтер мен локомотив бригадаларын ауыстыру, тасымалдау құжаттарын рәсімдеу, вагондарды тиеу-түсіру, құрылымдық бөлімшелердің жолдарына қызмет көрсету сынды операцияларды жүргізеді", - деп жазылған "KTZ Express" АҚ таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Қытайдан келген барлық вагон станцияда мұқият тексеріледі. Мұнда тексеріс жүргізетін кеден паркі бар. Мамандар вагондарды тексеруге 30 минут жұмсайтынын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу