"Алтынкөл-жол" кеден бекетінен қауіпті қалдықтарды заңсыз алып өтпек болды

644

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Алтынкөл-жол" кеден бекетінде пайдаланылған автомокөлік шиналарын заңсыз алып өту фактісі тіркелді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.  

"Алтынкөл-жол" кеден бекетінен қауіпті қалдықтарды заңсыз алып өтпек болды

Темір жол көлік құралдарында кедендік тексеріп қарауды жүргізу кезінде Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен декларацияланбаған тауарлар – жалпы саны 3 365 бірлік, жалпы салмағы 29 267 кг "бұрын пайдаланылған автокөлік шиналары" табылды.

2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеу шаралары туралы" шешіміне сәйкес, аталған шиналарды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы арқылы алып өтуге тыйым салынады.

Осылайша, бұрын қолданыста болған пневматикалық шиналар мен шиналар тізімнің 2,3 тізімінде – қауіпті қалдықтар ретінде көрсетіліп, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына/аумағынан әкелу/әкету лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу