Алтыннан жасалған зергерлік әшекейлер 9%-ға қымбаттады

1666

Ал күміс бұйымдардың бағасы 3%-ға көтерілді. 

Алтыннан жасалған зергерлік әшекейлер 9%-ға қымбаттады

Осы уақытқа дейін елімізде құны 669 миллион теңге тұратын зергерлік әшекей жасалған. Алтыннан жасалғандарының бағасы әсіресе ел астанасы мен ірі шаһарларда шарықтады, деп хабарлайды еnergyprom.kz. 

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері 4,5%-ға, Атырауда 8,6%-ға, ал Ақтауда 11,2%-ға артқан. 

Ал күмістен жасалғандарыныкі Атырауда 11,4%-ға, Нұр-Сұлтанда 0,3%-ға, Алматыда 3,1%-ға өскен. 

Жалпы, соңғы 11 айда зергерлік әшекейлер мен бағалы сағаттардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 7,7%-ға қымбаттаған. 

Айта кететін жайт, жуырда Қазақстанда 2,5 млрд теңгеге зергерлік бұйым шығаратын фабрика салынбақ. Бұл нысан "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағында тұрғызылады. Жоба инвесторлары – "LUCA зергерлік компаниясындағы" тең үлесі бар қазақстандық резиденттер. Жер телімі бөлінген сәттен кейін, жаңа кәсіпорын төрт ай ішінде іске қосылмақ. Жоспар бойынша, фабрика 62 адамды жұмыспен қамтып, күніне 50 кг құнды металл өңдейтін болады. Кейін жұмысшалырдың саны 200-ге дейін көтеріледі. Сарапшылардың айтуынша, фабрика жұмысын бастаған соң, импортты алмастыру үлесі кемінде 20% құрамақ. Өнімдер болса, АҚШ, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне экспортталады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу