Алтынның унциясы алдағы 1,5 жылда 3 мың доллар болады

1055

Қазір тауар нарығында бағалы металдың бағасы – 1684 доллар 22 цент.

Алтынның унциясы алдағы 1,5 жылда 3 мың доллар болады

Әлемдік қор индекстері 2,5-4 пайызға дейін құлдырап кеткендіктен, дәстүрлі активке деген сұраныс артты, деп хабарлайды Atameken Business. 

Bank of America сарапшылары алдағы 1,5 жылда алтынның бағасы 50 пайызға көтеріліп, унциясы 3 мың доллар болатынын айтады.

Қазір тауар нарығында бағалы металдың бағасы – 1684 доллар 22 цент. Кеше көрсеткіш ең жоғары деңгейге көтерілген. Бүгін 14 долларға түсті. Оған мұнайдың күрт арзандауы әсер еткен.

Жалпы қазір әлемдік шикізат нарығы тұрақсыз. Сондықтан алтын қымбаттамаса, арзандай қоймайды. Америкалық сарапшылар келесі жылдың қазанына дейін оның бағасы екі есе көтерілетініне сенімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу