"Алтыншы рет өтініш бердім": Марқұм Салтанаттың ағасы үндеу жасады

3520

Қоғам белсендісі министрліктің неліктен қорды құру туралы құжаттан бас тартып жатқанын түсінбейтінін жеткізді. 

"Алтыншы рет өтініш бердім": Марқұм Салтанаттың ағасы үндеу жасады Фото: @aitym

Айтбек Амангелді марқұм қарындасы Салтанат Нүкенованың атына арнаған әлеуметтік қорды ашуға өтінішті министрлік бесінші рет қабылдамағанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

“Мен қордың жарғысындағы "Қордың жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері" 9-тармағына не кедергі келтіретінін түсінбедім. Құрметті заңгерлер маған осыны түсіндіріп бере аласыздар ма? Ал журналисттер сіздер менен неге әлі Салтанат Нүкенованың атындағы қордың ашылмағаны туралы сұрайсыздар. Меніңше бұл сұрақты министрлікке жолдағандарыңыз дұрыс.

Не болса да, бүгін мен алтыншы рет осы пунктсіз өтініш бердім. Енді 5 күн күту қажет”, – деді Айтбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу