Алтынвалюта резервтерінің көлемі 800 млн долларға төмендеді

617

Бұған себеп доллардың нығаюы. 

Алтынвалюта резервтерінің көлемі 800 млн долларға төмендеді

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Маусым ішінде алтынвалюта резервтерінің көлемі 800 млн АҚШ долларына төмендеп, 32 млрд АҚШ долларын құрады. Маусымда АҚШ долларының нығаюы аясында алтын бағасы бір унция үшін 1854,4-тен 1813,6 АҚШ долларына дейін 2,2%-ға төмендеді. Осыған байланысты алтын портфелінің төмендеуі орын алды. АВР-дың төмендеуіне Ұлттық Банктегі валюта шоттарынан клиенттер қаражатының әкетілуі әсер етті", – деп түсіндірді Ұлттық Банк төрағасының орынбасары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу