Сауль Альварес пен Дэниэл Джейкобс арасында орта салмақта WBC, WBA және IBF титулдары үшін өткен жекпе-жекті DAZN стриминг сервисінен қанша адам қарағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сервистің мәліметі бойынша, кездесуді платформадан 1,2 миллион адам қараған. Оның 700 мыңы – тікелей эфирде.
Los Angeles Times-тың хабарлауынша, DAZN-ға бұл трансляциядан 50 миллион долларға жуық пайда түскен.
Айта кетейік, бұл жекпе-жекте "Канело" америкалық боксшыны төрешілер шешімімен жеңген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу