Альварес Джейкобсты ұпай айырмасымен ұтты

671

Лас-Вегастағы бокс кешіне отандасымыз Геннадий Головкин де барды. Жаңа жаттықтырушысымен бірге аренадан тамашалады.

Альварес Джейкобсты ұпай айырмасымен ұтты

Орта салмақта WBC және WBA (Super) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес америкалық Дэниэл Джейкобсты ұтып, IBF чемпиондық белбеуін иеленді, деп хабарлайды vesti.kz.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтті. Кездесу жоспарланған 12 раундқа созылып, жеңімпаз төрешілер есебі бойынша анықталды. Нәтиже –  116:112, 115:113, 115:113. Жеңіс мексикалық боксшы еншісінде.

"Канело" Джейкобсты ұтып, үшінші чемпиондық белбеуді иеленді. Енді оның абсолютті чемпион атануы үшін WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақты ұтып алуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу