Жекпе-жекті ерте бастап кеткен боксшыларды ұйымдастырушылар бірден ажыратып алды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Айта кетсек, орта салмақта WBA және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль Альварестің салмағы таразыда 159,5 фунтты көрсетті, IBF титулының иегері Дэниэл Джейкобстың салмағы – 160 фунт. Мексикалық боксшының салмағы өзінің қарсыласынан 227 граммға жеңіл болып шықты.
Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық GGG-дің ең мықты екі қарсыласы Альварес пен Джейкобс бүгін рингте кездеседі. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандықтар бұл шоуды Нұр-Сұлтан уақытымен 5 мамыр күні таңертең көре алады.