Аляскада ақ аю баласы бар әйелді өлтірді

743

Әйел 24 жаста, бала бір жасар еді. 

Аляскада ақ аю баласы бар әйелді өлтірді Фото: iz.ru

Ақ аю Сьюард түбегінің батыс шетіндегі Аляскадағы Уэльсте әйел мен оның кішкентай баласына шабуыл жасап өлтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz KTUU-ға сілтеме жасап.

Полицейлер сейсенбі күні түскі сағат 2:30-да хабарлама алды. 24 жастағы Саммер Майомик пен оның бір жасар ұлы Клайд жыртқыштың шабуылынан жан тапсырған.

"Алғашқы хабарламалар полярлық аюдың адамдар арасына еніп, бірнеше тұрғынды аңдығанын көрсетеді", - деп жазды патрульшілер. "Содан кейін аю баласы бар әйелге шабуыл жасады. Кейін оны жергілікті тұрғын атып өлтірді".

Әскери қызметкерлердің айтуынша, шабуыл мектептің жанындағы ауылда болған. Шабуыл болған кезде қаза тапқандар емхана мен мектеп арасында серуендеп жүрген.

Мектеп директоры жыртқыштың шабуылы мектептің тура кіреберісінде болған, сондықтан балаларды қанды қырғынды көрмеуі үшін сыныптарда ұстауға мәжбүр болғанын айтты. Бұл кезде қызметкерлер аюды күрекпен ұрып, жәбірленушілерді құтқармақ болған. Алайда, жыртқыш аң ондайды тіпті елемей, оқу орнына кіруге тырысқан. Соңында қауымдастық мүшесі келіп, аюды атып өлтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу