Алып компанияларды сан соқтырған алаяқ ұшқышқа тексеріс басталды

Ол Еуропада бірнеше ай бойы өзін ұшақ командирі етіп көрсетіп, жолаушылар ұшағын емін-еркін басқарған. 

Алып компанияларды сан соқтырған алаяқ ұшқышқа тексеріс басталды Фото: profchoice.ru

BILD басылымының жазуынша, қазір алаяқ ұшқышқа қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Aero Telegraph басылымы Литваның Аvion Express авиакомпаниясында жұмыс істеген қызметкердің құжаттарды қолдан жасап, экипаж командирі лауазымына ие болғанын мәлімдейді. Десе де, оның тек ғана "екінші ұшқыш" деген санаты бар екен. 

Қулық арқылы өз ойын жүзеге асырған ол Еуропада ондаған рейсті басқарғаны белгілі болды. Алаяқ ұшқыш тіпті Индонезияның Garuda авиакомпаниясында ұшқыш болып жұмыс істепті. 

– Жақында біз оның кәсіби тәжірибесіне күмән келтіретін ақпаратты білдік. Біз дереу ішкі тексеруді бастадық, – деп хабарлады Avion Express.

Ер адам "Lufthansa – Eurowings еншілес компаниясының ұшақтарын да басқарды" деген күдікке іліккен. Eurowings өкілі де компанияның тексеру жүргізіп жатқанын хабарлап отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу