Ақтаудағы ерекше аялдама қазақстандықтардың назарын аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.
Әкімдік аялдаманың құрылысы әлі аяқталмағанын мәлімдеді.
Жоспар бойынша заманауи әрі қауіпсіз аялдаманы мердігер алдағы күндері бітіруі тиіс екен.
"29 шағын ауданындағы аялдаманың орнатылуы жобасының өзгеруіне байланысты қазір қазба жұмыстары мына жерде жүріп жатыр. Қазба жұмыстары біткен соң қайтадан жобаға сәйкес, өз қалпына қайта қойылады. Бұрылысты алып тастап заманауи талапқа сай аялдама орнатылатын болады. Пайдалануға әлі берілген жоқ", – дейді мердігер компанияның өкілі Әлима Айдарбекова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу