Алыс ауылдағы мектептер әдеттегідей оқи береді – Білім министрі

2475

Бұған дейін COVID-19-ның таралуынан елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 6 сәуірден бастап оқушылар қашықтықтан оқыту режиміне ауысатыны хабарланған болатын.     

Алыс ауылдағы мектептер әдеттегідей оқи береді – Білім министрі

Қауіпсіздік шаралары сақталса, ауыл оқушыларының төртінші тоқсанындағы сабақтар әдеттегі форматта өтеді, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

"Бізде кейбір ауылдарда шағын мектептер бар. Осы алыстағы мектептер туралы шешім қабылдадық. Яғни ол тек көлік байланысы жоқ шалғайдағы ауылдарға қатысты. Онда белгілі бір қауіпсіздік деңгейі қамтамасыз етілуі керек. Сондай жағдайда ғана төртінші тоқсанды әдеттегідей оқи береді", – деді Аймағамбетов сейсенбіде өткен брифингте.

Ол бұл мектептердің көпшілігінде оқушылар саны аз және барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға жеткілікті орын бар екенін айтты.

"Сонымен бірге біз балаларды екі ауысымға бөлуді ұсындық. Балалар бір сыныптан екінші сыныпқа бармауы керек. Жалпы алғанда, шағын мектептер мұндай ұсыныстарды орындаса, қалыпты жұмыс істей алады",– деді ол.

Бұған дейін COVID-19-ның таралуынан елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 6 сәуірден бастап оқушылар қашықтықтан оқыту режиміне ауысатыны хабарланған болатын.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу