Алыс көрші ел 4 күндік жұмыс аптасына көшеді

169

Елде тың жоба қолға алынды. 

Алыс көрші ел 4 күндік жұмыс аптасына көшеді Фото: istockphoto.com

30 маусымнан бастап Польшада жұмыс уақытын қысқартуға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа бастама аясында Польшадағы қызметкерлер бұрынғыдай 8 сағат емес, күніне 6 сағат жұмыс істеп, аптасына үш күн демалады немесе қосымша демалыс күндерін ала алады. Осы тұста олардың жалақысы бұрынғы деңгейде қалатынын баса айтқан жөн. 

Тың жобаға елдегі компаниялар, мемлекеттік мекемелер, қорлар, қауымдастықтар мен кәсіподақтар қатыса алады. Біріншы жылы жобаны іске асыруға 10 миллион злотый қаражат бөлінді.

Бастамаға өз үлесін қосқысы келетін жұмыс берушілерге жаңа жұмыс кестесіне бейімделу үшін 1 миллион злотыйға дейін бөлінеді. Бұл қаражат ішкі процестерді қайта ұйымдастыруға, жұмыс уақытын бақылау жүйелерін цифрландыруға және қажетті мамандардың кеңесіне жүгінуге жұмсалады. Жобаға қатысудың шарттары маусым айының соңына дейін белгілі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу