2015 жылғы мамырда шарықтаған алюминийдің бағасы төмендей бастады. Бұл Goldman Sachs-тың айтарлықтай өсім болмайды деген болжамынан кейін орын алып отыр, деп жазады "Интерфакс".
Металл LME биржасындағы сауда барысында 0,5%-ға – 1825 долларға дейін құлдырады.
Дегенмен банк сарапшылары егер Қытай реформаларды одан әрі жалғастырып, өндірісті 2,5 млн тоннаға қысқартатын болса котировкалар айтарлықтай өседі деп отыр. Бұл жағдайда баға шамамен тоннасына 2000 долларға дейін шарықтауы мүмкін.
Бұл әлемдік нарық кемінде 1,5-2,5 млн тоннаға алюминий тапшылығын сезінуі үшін жеткілікті, дейді Goldman Sachs-тің мәліметін келтірген Bloomberg агенттігі.
Былтыр алюминий бағасы 12%-ға өсті. Бұл өзге бес басты металдың қымбаттаған бағасынан төмен.
Қарашада ҚХР-дың алюминий өндірісі рекордтық 2,8 млн тоннаға жетті.