2020 жылдың қаңтар және сәуір айларында елімізде бұл металл кенінің 1,04 млн тоннасы өндірілген. Өткен жылғыдан 18,4%-ға кем. Бұл туралы energyprom.kz басылымы хабарлады.
Ал өңделмеген алюминий мен алюминий оксидінің шығарылымы 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1%-ға өсіп, 539,67 мың тоннаға жетті.
Өңделмеген алюминий экспорты болса, едәуір төмендеген. 2020 жылдың қаңтар және наурыз айлары аралығында құны 81,6 млн доллар болатын 43,95 мың тонна өнім сыртқа шығарылған. Бұл жерде ескере кететін жайт: бұл көрсеткіш салмақ бойынша 37,3%-ға, ал белгіленген баға бойынша 40,5%-ға кем.
Жалпы экспорттың 30%-ы ТМД елдеріне жіберілген. Бұл одақтағы қазақстандық алюминийді сатып алушы елдер мыналар: Өзбекстан (11,8 мың тоннасы 22,7 млн долларға сатылған) мен Ресей (1,2 мың тоннасы 2,1 млн долларға өткізілген).
ТМД-дан бөлек негізгі импорттаушыларымыз: Түркия (құны 42,1 млн доллар 24,1 мың тонна) мен Швейцария (бағасы 12 млн доллар тұратын алюминийдің 6,6 мың тоннасы).
Табиғат Нұрболат