Алжир БРИКС-ке қосылуға дайын екенін мәлімдеді

547

14 шілдеде БРИКС халықаралық форумының президенті Пурнима Ананд бірқатар ел ұйымға қосылуға ниетті екенін айтты.

Алжир БРИКС-ке қосылуға дайын екенін мәлімдеді

Алжир БРИКС-ке қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ел президенті Абдельмаджид Тиббун жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Алжир елі бес елден: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасынан тұратын бірлестікке кіру шарттарына сәйкес келеді.

"Алжирдің БРИКС-ке қосылу үшін барлық мүмкіндігі бар және ол осы одаққа қосылуға мүдделі", – деді ол.

Саясаткердің пікірінше, осының арқасында Алжир "биополярлы қақтығыстардан" құтыла алады.

14 шілдеде БРИКС халықаралық форумының президенті Пурнима Ананд бірқатар ел ұйымға қосылуға ниетті екенін айтты. Сауд Арабиясы, Египет және Түркиямен қатар Аргентина мен Иран да ұйымға мүше болғысы келетінін жариялады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу