Алжир халқы 5-ші рет сайланбақ болған президентін тақтан тайдырды

959

Олар жасы сексеннен асқан, жарымжан адамның ел басқарғанын қаламайды. 

Алжир халқы 5-ші рет сайланбақ болған президентін тақтан тайдырды

Соңғы 3 айда оған наразы топ күш алып кеткендіктен, Абдель Азиз Бутефлика ертеңнен бастап отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Осыған дейін ол елді тыныштандыру үшін осы жолы қайта сайлансам, тағы бір жыл жұмыс істеп, билікті бейбіт жолмен табыстаймын деп уәде берген. Бірақ халық оған сенбейді.

Алжир президенті 5 жыл бұрын инсульт алған. Соңғы кездері халық алдына мүлдем шықпайды. Мүгедек арбасына таңылса да, 2014 жылғы сайлауда 4-ші мерзімге тағайындалған. Бірақ ашынған халық оның 5-ші мәрте бақ сынауына жол бермеді.

"Алжирді 1962 жылдан бері жемқорлар басқарды. Біз содан бері босып кеттік. Елге жөні түзу басшы бұйырмаған соң, халық амалсыздан Франция, Канада, АҚШ-қа қоныс аударды. Енді өкімет өзгеріп, жағдай түзелсе, елге қайтармыз деп үміттенемін", – Францияда тұратын Алжир азаматы Аиша Мад Джен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу